16.12.2025 09:37
«Манчестер Юнайтед» – «Борнмут» матчында ерекше жайт тіркелді
16.12.2025 09:37
Ағылшын Премьер-лигасының 16-турында «Манчестер Юнайтед» пен «Борнмут» тең (4:4) тарқасты

Бұл матчта қос команда да айып добынан гол соқты. Атап айтсақ «Манчестер Юнайтедтен» Бруну Фернандеш, ал «Борнмуттан» Маркус Тавернье қақпа торын тулатты.
Мұндай жағдай соңғы рет 2012 жылдың 21 қаңтарында 22-турдың аясында болған КПР – «Уиган» (3:1) матчында тіркелген. Ол кезде Акош Бужаки мен Уго Родальега дараланған.
Айта кетейік, турнир кестесінде «қызыл сойқандар» 26 ұпаймен алтыншы орында келеді. 21 ұпайы бар «шиелер» болса 13-сатыға жайғасқан.