16.12.2025 03:22
«Манчестер Юнайтед» «Борнмутпен» тең түсті
16.12.2025 03:22
Ағылшын Премьер-лигасының 16-турында «Манчестер Юнайтед» өз алаңында «Борнмутпен» тең тарқасты

«Олд-Траффорд» стадионында өткен кездесуде 4:4 есебі тіркелді. Алаң иелері сапында Амад Диалло, Каземиро, Бруну Фернандеш және Матеус Кунья гол соқты. Ал «Борнмуттың» құрамында Антуан Семеньо, Эванилсон, Маркус Тавернье және Эли Жуниор Крупи мергендік танытты.
Осылайша 26-ұпайын еншілеген «қызыл сойқандар» турнир кестесінде алтыншы орынға жайғасты.
Рубен Аморим шәкірттері келесі турда 21 желтоқсан күні «Астон Виллаға» қонаққа барады.