14.12.2025 14:09

«Арсенал» ойыншысы ат басын Италияға бұруы мүмкін

14.12.2025 14:09

«Арсенал» шабуылшысы Габриэль Жезус мансабын Италия чемпионатында жалғастыруы мүмкін

Corriere dello Sport хабарлауынша, оған «Милан» көз тігіп отыр. «Россонери» 28 жастағы Бразилия форвардын қысқы трансфер кезеңінде маусым соңына дейін жалға алғысы келеді.

Айта кетейік, Жезус 12 қаңтар күні айқыш байламынан ауыр жарақат алып, содан бері 11 ай ойнамаған еді. Ол алаңға төрт күн бұрын ғана оралды.

Азамат Бақи

Азамат Бақи

InstagramInstagram