14.12.2025 13:00

Педри Мессидің рекордын жаңартты

14.12.2025 13:00

Испания Ла Лигасының 16-турында «Барселона» өз алаңында «Осасунаны» 2:0 есебімен жеңді

Аталған ойын Педридің «Барселона» сапында өткізген Ла Лигадағы 150-матчы болды. Осылайша ол 23 жас 18 күнінде Каталония клубында бұл межені бағындырған ең жас ойыншы атанды.

Бұған дейінгі рекордты Лионель Месси 2010 жылы 23 жас 121 күнінде тіркеген еді.

Айта кетейік, Педри осы маусымда 18 матчта екі гол соғып, алты нәтижелі пас берді.

Азамат Бақи

Азамат Бақи

InstagramInstagram