18.12.2025 19:15
«Арсенал» «Реал» қорғаушысына көз тікті
18.12.2025 19:15
«Арсенал» «Реалдың» қорғаушысын өз құрамына қосуы мүмкін

«Арсенал» біраз уақыттан бері «Реалдың» қорғаушысын бақылап жүр. Әңгіме 19 жастағы Виктор Вальдепеньяс туралы, ол өткен демалыс күндері «корольдік клубтың» негізгі құрамында дебют жасады.
Transfer News Live дерегінше, Вальдепеньяс «Арсеналдың» назарына іліккен. Лондон клубы жас қорғаушыны келесі жазда қатарға қосуды жоспарлап отыр.
Беделді Transfermarkt порталы Виктор Вальдепеньястың нарықтық құнын 500 мың еуро деп бағалайды. Негізгі құрамдағы дебютін ескерсек, жақын уақытта қорғаушының бағасы өсуі мүмкін.