02.08.2026 14:33

«Арсенал» Винисиус үшін алғашқы ұсынысын жасады

02.08.2026 14:33

«Реал» вингері Винисиус Жуниор «Арсеналға» ауысуға жақын

The Athletic хабарлауынша, Винисиус Лондонның клубымен өзара келісімге келді және «Реалдан» кетуге әзір. Ал «Арсенал» «бланкосқа» құны 135 миллион еуроны құрайтын алғашқы ұсынысын ресми түрде жолдапты. Сондай-ақ қосымша бонус ретінде тағы он миллион төлеуге дайын. Енді «зеңбірекшілер» жауап күтеді.

Винисиустың «Реалмен» келісімшарты 2027 жылдың 30 маусымында аяқталады және қос тарап оны ұзарту жөнінде келісімге келе алмай жатыр.

Мадридтің клубы 26 жастағы бразилиялық ойыншыны 2018 жылы «Фламенгодан» 45 миллион еуроға сатып алған еді. Ол өткен маусымда 53 матчта 22 гол соғып, 14 нәтижелі пас берді.

Азамат Бақи

Азамат Бақи

InstagramInstagram