24.10.2026 19:04
«Астон Вилла» «Манчестер Ситиді» тізе бүктірді
24.10.2026 19:04
Ағылшын Премьер-лигасының 8-турында «Астон Вилла» өз алаңында «Манчестер Ситиді» тізе бүктірді

«Вилла Паркте» өткен кездесуде 2:1 есебі тіркелді. Алаң иелерінің сапында Николас Джексон дубль жасады. Ал «Манчестер Ситидің» жалғыз голын Эрлинг Холанд соқты.
Осылайша «қалалықтар» осы маусымда алғаш рет ұпай жоғалтты, бірақ live-кестеде әлі көш басынан түспеді. Бұған дейін Манчестердің клубы алты ойынның бәрінде жеңіске жеткен еді. Ал «Астон Вилла» 11 ұпайын олжалап, алтыншы сатыға жайғасты.
Келесі турда «Манчестер Сити» «Брайтонмен» кездессе, «Астон Вилла» «Фулхэммен» күш сынасады.