24.10.2026 18:01
Эль-класико төрешісі белгілі болды
24.10.2026 18:01
Испания Ла Лигасының 10-турында «Барселона» мен «Реал» кездеседі

Аталған матчта бас төреші қызметін Хуан Мартинес Мунуэра атқарады. Оған қос қапталдан Диего Барберо мен Мигель Мартинес көмектеседі. Ал VAR жүйесіне Хавьер Иглесиас пен Хосе Антонио Лопес жауапты.
Бұған дейін Мартинес екі команда арасындағы текетіресте төрт рет төрелік еткен. Оның үшеуінде «бланкос» жеңіске жетсе, біреуінде «блауграна» басым болды.
15.01.24: Реал 4:1 Барселона
06.04.23: Барселона 0:4 Реал
21.03.22: Реал 0:4 Барселона
24.10.20: Барселона 1:3 Реал.
Эль-Класико 25 қазан күні «Камп Ноуда» өтіп, сағат 01:00-де басталады. Турнир кестесінде «Барселона» 27 ұпаймен көш бастап тұр. Ал «Реал» 21 ұпаймен үшінші сатыда келеді.