23.10.2026 15:15
«Барселона» ойыншысы «Баварияға» ауысуы мүмкін
23.10.2026 15:15
«Барселона» қорғаушысы Жерар Мартин «Баварияға» ауысуы мүмкін

Fichajes хабарлауынша, Мюнхеннің клубы 24 жастағы испаниялық ойыншы үшін 40 миллион еуро жұмсауға дайын және алдағы жазда ұсыныс жасап көрмек. Ал «блауграна» Мартиннен айырылғысы келмейді. Керісінше онымен 2028 жылдың 30 маусымында аяқталатын келісімшартты ұзартуды көздеп отыр.
Одан бөлек Жерарға көз тіккендердің қатарында «Челси», «Ливерпуль», «Тоттенхэм» және «Милан» бар.
Мартин «Барселона» намысын 2023 жылдан бері қорғап келеді. Ол осы маусымда он матчқа қатысты, бірақ нәтижелі әрекетімен көзге түсе алмады.