19.10.2025 20:11

«Астон Вилла» «Тоттенхэмді» сан соқтырды

19.10.2025 20:11

Ағылшын Премьер-лигасының 8-туры аясында «Астон Вилла» сырт алаңда «Тоттенхэмді» 2:1 есебімен жеңді

Лондонда өткен кездесуде Родриго Бентанкур гол соғып, алаң иелерін есепте алға шығарған еді. Алайда «арыстандар» сапында Морган Роджерс пен Эмилиано Буендиа мергендік танытып, командасына жеңіс сыйлады.

Сегіз ойында 14 ұпай жинаған «Тоттенхэм» турнир кестесінде алтыншы орында келеді. Ал еншісінде 12 ұпайы бар «Астон Вилла» 10-сатыға жайғасқан.

Келесі турда Томас Франк шәкірттері «Эвертонмен» кездессе, Унаи Эмеридің жігіттері «Манчестер Ситимен» шеберлік байқасады.

Азамат Бақи

Азамат Бақи

InstagramInstagram