26.02.2026 01:10
«Аталанта» «Боруссияны» тізе бүктірді
26.02.2026 01:10
Чемпиондар лигасы плей-офф кезеңі аясында «Аталанта» «Боруссиядан» басым түсті

Бергамода өткен кездесуде 4:1 есебі тіркелді. Алаң иелерінің сапында Джанлука Скамакка, Давиде Дзаппакоста, Марио Пашалич және Лазар Самарджич мергендік танытты. Ал қонақтардың жалғыз голын Кәрім Адейеми соқты.
Осылайша қос матчтың қорытындысы бойынша Бергамоның клубы 4:3 есебімен жеңіске жетіп, 1/8 финалға жолдама алды.
Раффаэле Палладино шәкірттері келесі кезеңде «Арсеналға» немесе «Баварияға» қарсы ойнайды.