25.02.2026 14:26

MLS клубы Гризманнға келісімшарт ұсынды

25.02.2026 14:26

«Атлетико» шабуылшысы Антуан Гризманн мансабын АҚШ-та жалғауы мүмкін

Фабрицио Романоның хабарлауынша, 34 жастағы француз шабуылшысын «Орландо Сити» өз қатарынан көргісі келеді. MLS клубы оған алдағы үш жылға жарамды болатын келісімшарт ұсыныпты. Соңғы шешімді Антуан мен «Атлетико» қабылдайды.

Гризманн – 210 голымен Мадрид клубының тарихындағы үздік сұрмерген. Ол осы маусымда 35 матчта 12 гол соғып, екі нәтижелі пас берді.

Азамат Бақи

Азамат Бақи

InstagramInstagram