25.02.2026 14:08
Хави Марокко құрамасының бас бапкері атануы мүмкін
25.02.2026 14:08
Хави Марокко құрамасын тізгіндеуі мүмкін

The Athletic хабарлауынша, қазіргі бапкер Валид Реграги Әлем чемпионаты қарсаңында орнын босатуы мүмкін. Осыған дейін 50 жастағы маман Африка кубогы финалындағы жеңілістен кейін өз еркімен қызметінен кету туралы өтініш жазған еді.
Ал оның орнын басуға Хави басты үміткер болып тұр. Марокко «Барселонаның» бұрынғы ойыншысымен келіссөз жүргізіп жатыр. Хавидің өзі де бапкерлікке оралғысы келеді екен.
Хави соңғы рет «Барселонаны» (2021-2024) жаттықтырған еді. Ал Марокко биылғы Әлем чемпионатында Бразилия, Шотландия және Гаитимен С тобында ойнайды.