04.04.2026 19:14

«Атлетико» Эдерсонмен келісімге келді

04.04.2026 19:14

«Аталанта» жартылай қорғаушысы Эдерсон «Атлетикомен» келісімге келді

Джанлука Ди Марционың хабарлауынша, қос тарап 2030 жылдың 30 маусымына дейін жарамды келісімшартқа қол қою туралы сөз байласып қойды. Оған сәйкес Эдерсон жылына бонустармен есептегенде жеті миллион еуро жалақы алады екен.

Ал «Аталанта» «Атлетико» ұсынған бонустармен есептегенде 38 миллион еуроны аз деп есептейді. Бергамоның клубы Эдерсон үшін 50 миллион сұрап отыр.

26 жастағы бразилиялық ойыншы осы маусымда 33 матчта екі гол соғып, бір нәтижелі пас берді.

Азамат Бақи

Азамат Бақи

InstagramInstagram