22.11.2025 17:04

«Атлетико» Левандовскиге қызығушылық танытты

22.11.2025 17:04

«Атлетико» Роберт Левандовскидің жағдайын мұқият бақылауда ұстап отыр

Испаниядағы басылымдардың хабарлауынша, «Атлетико Мадрид» клубы «Барселона» шабуылшысы Роберт Левандовскиге ерекше назар аударып отыр. Команда поляк футболшысының қазіргі жағдайына байланысты оның болашағын жіті қадағалап, мүмкіндік пайда болса, 2020 жылы Луис Суареске жасаған қадамды тағы қайталауы ықтимал.

«Барселона» мен Левандовски арасындағы қарым-қатынастың нашарлауы «Атлетикоға» жаңа нарық мүмкіндігін ашып отыр. Егер қос тарап арасында түсініспеушіліктер шиеленісіп кетсе, «Атлетико» жедел түрде іске кіріседі.

Осыған дейін «Барселона» Альвареске қызығушылық танытқан еді. Бұл жағдай трансферге әсер етуі мүмкін.

Әділет Жұмагелді

Әділет Жұмагелді

InstagramInstagram