22.11.2025 16:48

Винисиус «Реалда» қалады

22.11.2025 16:48

Винисиус Жуниор «Реалда» қалатын секілді

AS мәліметіне сенсек, Бразилия шабуылшысы «бланкоспен» келісімшартты ұзартқысы келеді. Мадридтің клубы да 25 жастағы ойыншыны сақтап қалуды көздеп отыр. Қазір қос тарап келіссөз жүргізіп жатыр екен.

Айта кетейік, Винисиус осы маусымда 16 ойында бес гол соғып, төрт нәтижелі пас берді. Оның «Реалмен» келісімшарты 2027 жылдың 30 маусымына дейін жарамды.

Азамат Бақи

Азамат Бақи

InstagramInstagram