22.11.2025 15:50

Бензема бабында

22.11.2025 15:50

«Әл-Иттихад» сапында Бензема маусымдағы 6-шы голын соқты

Сауд Арабиясы чемпионатының 9-турында «Әл-Иттихад» өз алаңында «Әл-Рияд» клубын 2:1 есебімен жеңді. Матчтың алғашқы голын алаң иелерінің орталық шабуылшысы соқты.

37 жастағы тәжірибелі шабуылшы қазіргі маусымда бабында. Ол клуб деңгейінде 9 матчтың 6-ында гол соғып үлгерді.

Жеңістен кейін команда Сауд Арабиясы лигасының турнирлік кестесінде жетінші орынға көтерілді. Осыған дейін Бенземаның «Лион» клубына ауысуы мүмкін екені айтылған еді.

Әділет Жұмагелді

Әділет Жұмагелді

InstagramInstagram