22.11.2025 15:36
Бапкер Палмерге алаңдаулы
22.11.2025 15:36
Мареска Палмердің жағдайына алаңдаулы

«Челсидің» бас бапкері Энцо Мареска команда ойыншысы Коул Палмердің жарақатына қатысты пікір білдірді. 23 жастағы жартылай қорғаушы үйінде болған оқыс жағдайдан кейін аяғындағы саусағын сындырып алған.
«Біз үшін Коул – «Манчестер Сити» үшін Холанд, «Ливерпуль» үшін Салах секілді. Егер олар ойнамаса, команда мүлде басқа болады», – деді ол.
Оқиға жайлы бапкерге түнгі 11-де клуб дәрігері хабарлаған.
«Дәрігерден хабарлама келсе, ол әдетте жақсы жаңалық болмайды. «Палмердің үйінде оқыс жағдай болды» дегенді оқыған сәтте-ақ жүрегім су ете қалды», – дейді Мареска.
Пальмер осы маусымда 4 матчта 2 гол соғып үлгерген. Бұған дейін ол қыркүйек айының ортасынан бері шап жарақатынан оңалып жүрген еді.