22.11.2025 15:28
Егде жастағы қақпашы Италияға ауысты
22.11.2025 15:28
38 жастағы қақпашы Висенте Гуайта «Парма» ойыншысы атанды

Испан қақпашы Висенте Гуайта «Пармаға» ауысты. Бұл туралы клубтың ресми сайты хабарлады. Тәжірибелі ойыншы еркін агент ретінде келді. Оның келісімшарты 2026 жылдың 30 маусымына дейін есептелген. Гуайта жаңа клубында 13-нөмірмен ойнайды.
Бұған дейін «Парма» жарақатына байланысты қақпашы Дзион Сузукиден айырылған еді. Ол 3–4 ай командасына көмектесе алмайды.
38 жастағы Гуайта карьерасында «Валенсия», «Кристал Пэлас», «Сельта» және басқа да клубтардың намысын қорғаған. Серия A-ның 11 турынан кейін «Парма» турнир кестесінде 17-орында тұр.