29.12.2025 10:48

«Атлетико» шабуылшысы «Ромаға» ауысуға жақын

29.12.2025 10:48

«Атлетико» шабуылшысы Джакомо Распадори отанына оралмақ

Николо Скираның хабарлауынша, 25 жастағы форвардты «Рома» қатарына қосып алғысы келеді. Римнің клубы оны 20 миллион еуроға сатып алу құқығымен жалға алмақ. Қос тарап 2030 жылға дейін жарамды болатын келісімшарт жөнінде келісімге келіп қойыпты. Распадоридің өзі де «Атлетиконың» рұқсатын тағатсыздана күтіп отыр.

Айта кетейік, Мадридтің клубы Джакомоны өткен жазда «Наполиден» 22 миллион еуроға алған еді. Ол осы маусымда 14 матчта екі гол соғып, үш нәтижелі пас берді.

Азамат Бақи

Азамат Бақи

InstagramInstagram