28.12.2025 23:34

«Тоттенхэм» жеңіске жетті

28.12.2025 23:34

Ағылшын Премьер-лигасының 18-туры аясында «Тоттенхэм» сырт алаңда «Кристал Пэластан» басым түсті

«Селлхерст Паркте» өткен кездесу 0:1 есебімен аяқталды. Жалғыз голды Арчи Грей 42-минутта соқты.

Осылайша 25-ұпайын олжалаған «қораздар» турнир кестесінде 11-орынға жайғасты.

Томас Франк шәкірттері келесі турда 1 қаңтар күні «Брентфордқа» қонаққа барады.

Азамат Бақи

Азамат Бақи

InstagramInstagram