28.12.2025 22:12
Ламин Ямаль жылдың үздік шабуылшысы атанды
28.12.2025 22:12
«Барселона» дүлдүлі Ламин Ямаль Globe Soccer Awards нұсқасы бойынша 2025 жылдың үздік шабуылшысы атанды

18 жастағы Испания вингері дауыс беру нәтижесінде Осман Дембеле (ПСЖ), Хвича Кварацхелия (ПСЖ), Килиан Мбаппе («Реал» Мадрид) және Рафиньяны («Барселона») шаң қаптырды.
Сондай-ақ үздік жартылай қорғаушы деп Витинья танылса, «үздік жас футболшы» жүлдесі Дезире Дуэге (екеуі де – ПСЖ) бұйырды. Ал Поль Погба («Монако») «жыл камбэгі» марапатын иеленді.
Ямаль осы маусымда 20 матчта тоғыз гол соғып, 11 нәтижелі пас берді. Ал былтыр 55 ойында 18 гол мен 25 ассистті өз есебіне жазған еді.