28.12.2025 21:05
Хейлундтың дублі «Наполиге» жеңіс сыйлады
28.12.2025 21:05
Италия А Сериясының 17-туры аясында «Наполи» сырт алаңда «Кремонезені» тізе бүктірді

Кремонада өткен кездесуде 0:2 есебі тіркелді. Неаполь клубының қос голын Расмус Хейлунд 13 және 45-минутта соқты.
Осылайша 34-ұпайына қол жеткізген Антонио Конте шәкірттері турнир кестесінде екінші орынға жайғасты. Келесі турда команда 4 қаңтар күні «Лациоға» қонаққа барады.