28.12.2025 17:51

Нкунку ат басын Түркияға бұруы мүмкін

28.12.2025 17:51

«Милан» шабуылшысы Кристофер Нкунку мансабын Түркияда жалғауы мүмкін

Tuttosport хабарлауынша, 28 жастағы французға «Галатасарай» мен «Фенербахче» қызығушылық танытуда. Бұл екі клуб Кристофердің агентімен байланыста екен.

«Милан» болса ойыншысын «Челсиден» алған бағасы 35 миллион еуроға сатуға дайын.

Нкунку осы маусымда 14 матчта бір гол соғып, екі нәтижелі пас берді.

Азамат Бақи

Азамат Бақи

InstagramInstagram