28.12.2025 18:36
«Милан» сенімді жеңіске жетті
28.12.2025 18:36
Италия А Сериясының 17-туры аясында «Милан» өз алаңында «Веронадан» басым түсті

«Сан-Сиро» стадионында өткен кездесуде 3:0 есебі тіркелді. Алаң иелері сапында Кристофер Нкунку дубль жасаса, Кристиан Пулишич бір гол соқты.
Осылайша 35-ұпайын олжалаған «россонерри» турнир кестесінде көш басына көтерілді.
Массимилиано Аллегри шәкірттері келесі турда 2 қаңтар күні «Кальяриге» қонаққа барады.