28.12.2025 21:32
Луис Энрике жылдың үздік бапкері атанды
28.12.2025 21:32
Луис Энрике Globe Soccer Awards нұсқасы бойынша 2025 жылдың үздік бапкері атанды

55 жастағы испан маманы дауыс беру нәтижесінде Хаби Алонсо («Реал» Мадрид), Микель Артета («Арсенал»), Ханс-Дитер Флик («Барселона»), Энцо Мареска («Челси»), және Арне Слотты («Ливерпуль») артқа тастады.
Энрикенің тұсында ПСЖ өткен маусымда тарихи требл жасап, Франция Суперкубогын жеңіп алған еді.
Ал былтыр бұл аталым бойынша «Реалды» баптаған Карло Анчелотти топ жарған.