28.12.2025 21:23
Рафинья мен Ямаль Ла Лиганың үздігі атанды
28.12.2025 21:23
Globe Soccer Awards Ла Лиганың 2024/25 жылғы маусымдағы үздіктерін атады

Қос жүлде де «Барселона» футболшыларына бұйырды. Үздік ойыншы Рафинья атанса, Ламин Ямаль үздік жас ойыншы деп танылды.
Рафинья ішкі біріншіліктің өткен маусымында 36 матчта 18 гол соғып, 12 нәтижелі пас берді. Ал Ямаль 35 ойынға қатысып, тоғыз гол мен 15 ассисттің авторы атанды.
Еске салайық, «Барселона» өткен маусымда 38 турдан кейін 88 ұпай жинап, Испания чемпионы атанған еді.