30.01.2026 10:00
«Барселона» жаңа ойыншымен толықты
30.01.2026 10:00
Хамза Абделкәрім «Барселона» ойыншысы атанады

Фабрицио Романоның хабарлауынша, «блауграна» 18 жастағы шабуылшыны «Әл-Ахлиден» маусым соңына дейін жалға алады. Сондай-ақ сатып алу мүмкіндігі қарастырылған. Абделкәрім «Барселона Атлетик» командасында ойнайтын болады.
«Блауграна» осыған дейін Уругвайдың «Дефенсор» клубынан 19 жастағы қорғаушы Патрисио Пасификоны жалға алған еді. Одан бөлек «Генктен» 18 жастағы қорғаушы Ювенсли Онстейнді сатып алды.