30.01.2026 09:15

Еуропа лигасының басты фавориті аталды

30.01.2026 09:15

Opta суперкомпьютері жалпы кезең аяқталғаннан кейін Еуропа лигасының фавориттерін жариялады

Жаңартылған рейтингтің көшін «Астон Вилла» бастап тұр. Унаи Эмери шәкірттерінің чемпион атану ықтималдығы 43.29%-ды құрайды. Екінші орынға «Рома» (10.46%) жайғасса, үздік үштікті «Порту» (9.18%) түйіндеді.

Сондай-ақ ондықта «Лион» (7.36%), «Ноттингем Форест» (5.77%), «Штутгарт» (4.26%), «Брага» (4%), «Бетис» (3.33%), «Фрайбург» (2.83%) және «Мидтьюллан» (2.32%) бар.

Осыған дейін Еуропа лигасының плей-офф кезеңіне шыққан командалар белгілі болған еді.

Плей-офф кезеңі 19 ақпан күні басталады. Ал жеребе тарту рәсімі 30 қаңтарға жоспарланған.

Азамат Бақи

Азамат Бақи

InstagramInstagram