29.01.2026 21:49
Чемпиондар лигасының үздіктері анықталды
29.01.2026 21:49
Чемпиондар лигасы жалпы кезеңінің 8-турында үздік ойын көрсеткен футболшылардан символикалық құрама жасақталды
UEFA бақылаушылары оған 10 түрлі клубтың ойыншысын қосты:
Қақпашы: Анатолий Трубин («Бенфика»);
Қорғаушылар: Федерико Димарко («Интер»), Дэн Бёрн («Ньюкасл»), Кристиан Ромеро («Тоттенхэм»), Бруно Ланга («Пафос»);
Жартылай қорғаушылар: Андреас Шельдеруп («Бенфика»), Алексис Макаллистер («Ливерпуль»), Мәлік Тилльман («Байер»), Ламин Ямаль («Барселона»);
Шабуылшылар: Каспер Хёг («Будё/Глимт»), Жоау Педро («Челси»).

Айта кетейік, турдың «үздік ойыншысы» марапатын «Реалға» (4:2) қарсы ойында дубль жасаған жасаған «Бенфика» вингері Андреас Шельдеруп жеңіп алған еді.