29.01.2026 18:00
Егор Сорокин «Қайраттан» кетті
29.01.2026 18:00
Егор Сорокин «Қайраттан» кетті

Қос тарап келісімшарттың аяқталуына байланысты қош айтысты.
30 жастағы орталық қорғаушы «сары-қаралардың» сапына 2024 жылдың жазында қосылған еді. Ол осы аралықта 54 матчта екі гол соғып, екі нәтижелі пас берді. Сондай-ақ командамен бірге Қазақстанның екі дүркін чемпионы атанып, Ел Суперкубогын жеңіп алды.
Осыған дейін Алматының клубынан Офри Арад, Гиорги Зариа, Элдер Сантана, Александр Заруцкий және Жоао Пауло кеткен еді.