04.06.2026 14:46
Барколя «Ливерпульге» ауысуы мүмкін
04.06.2026 14:46
ПСЖ вингері Брэдли Барколя «Ливерпульге» ауысуы мүмкін

Николо Скираның хабарлауынша, Брэдли жазда Париждің клубынан кетуі ықтимал. Ал қазір оған «Ливерпуль» көз тігіп отыр. Мерсисайдтың клубы Барколяның агенті Жорже Мендешпен хабарға шығып, келіссөз бастапты. Одан бөлек 23 жастағы французды «Барселона», «Бавария» және «Арсенал» сатып алуға дайын.
Барколя ПСЖ-ға 2023 жылы «Лионнан» 45 миллион еуроға ауысып келген еді. Ол осы маусымда 49 матчта 13 гол соғып, жеті нәтижелі пас берді.