26.06.2026 14:29

Барколя «Ливерпульге» ауысуы мүмкін

26.06.2026 14:29

ПСЖ вингері Брэдли Барколя мансабын Ағылшын Премьер-лигасында жалғауы мүмкін

Экрем Конурдың хабарлауынша, оны «Ливерпуль» біраздан бері бақылап жүр. Егер Коди Гакпо клубтан кететінін болса, «қызылдар» Барколяға «құда түсіп» барады екен. Ал ПСЖ ойыншысын 90 миллион еуроға сатуға дайын.

Барколя Париждің клубына 2023 жылы «Лионнан» 45 миллион еуроға ауысып келген еді. Ол биыл аяқталған маусымда 49 матчта 13 гол соғып, жеті нәтижелі пас берді.

Азамат Бақи

Азамат Бақи

InstagramInstagram