15.04.2026 09:22

«Барселона» антирекорд орнатты

15.04.2026 09:22

Чемпиондар лигасы ширек финалының қарымта матчы аясында «Барселона» сырт алаңда «Атлетиконы» 2:1 есебімен жеңді, бірақ қос матчтың қорытындысы бойынша Мадридтің клубы 3:2 есебімен басым түсіп, жартылай финалға жолдама алды

Осылайша Каталония клубы аталған турнирде 15 матч қатарынан өз қақпасына гол өткізген тарихтағы алғашқы испаниялық клуб атанды. «Блауграна» соңғы рет былтыр 9 сәуірде Дортмунд «Боруссиясына» (4:0) қарсы ойында қақпасын аман сақтап қалған.

Ханс-Дитер Фликтің шәкірттері келесі кездесуін 22 сәуір күні Ла Лиганың 33-туры аясында «Сельтаға» қарсы өткізеді.

Азамат Бақи

Азамат Бақи

InstagramInstagram