24.12.2025 21:17
«Барселона» АПЛ қорғаушысына көз тікті
24.12.2025 21:17
«Ноттингем Форест» қорғаушысы Мурилло мансабын «Барселонада» жалғастыруы мүмкін

Хоаким Пьераның хабарлауынша, 23 жастағы Бразилия ойыншысын «блаугрананың» бас бапкері Ханс-Дитер Флик өз командасында көргісі келеді.
Сондай-ақ бұл футболшыға «Реал», «Челси» және тағы бірқатар клуб қызығушылық танытып отыр екен.
Мурилло осы маусымда 16 матчқа қатысып, бір гол соқты.