27.10.2025 00:27

«Барселона» бапкері Ямальдың ойыны неліктен жүрмегенін түсіндірді

27.10.2025 00:27

Ханс-Дитер Фликтің дисквалификация алуына байланысты «Барселона» бапкері міндетін уақытша атқарған Маркус Зорг Ламин Ямальға қатысты пікір білдірді

— Ямальға оңай соққан жоқ. Қарсылас мықты болды – оны мойындау керек. Ямаль енді ғана жарақатынан айығып келеді. Оған біраз уақыт керек. Бүгін Ламинге қарсы екі қорғаушы жабылып ойнады. Осыған байланысты айып алаңына жөнді кіре де алмады.

Бәлкім «Сантьяго Бернабеудің» атмосферасы да әсер еткен шығар. 18 жастағы ол енді ғана мұндай қысымға бейімделіп келеді,– деді Зорг «Реалға» (1:2) қарсы жеңілістен кейін.

«Барселона» турнир кестесінде көш басындағы «Реалдан» бес ұпай артта, екінші орында келеді. «Блауграна» келесі турда «Эльчемен» күш сынасады.

Азамат Бақи

Азамат Бақи

InstagramInstagram