01.02.2026 03:31
«Барселона» «Эльчеден» басым түсті
01.02.2026 03:31
Испания Ла Лигасының 22-турында «Барселона» сырт алаңда «Эльчені» 3:1 есебімен жеңді

Каталония клубының сапында Ламин Ямаль, Ферран Торрес және Маркус Рэшфорд гол авторы атанды.
Осылайша «блауграна» 55-ұпайын олжалап, турнир кестесінде көш бастады.
Ханс-Дитер Фликтің шәкірттері келесі турда 7 ақпан күні «Мальорканы» қабылдайды.