01.10.2025 14:54
«Барселона» «Камп Ноуға» әлі оралмайды
01.10.2025 14:54
«Барселонаның» негізгі стадионы «Камп Ноудың» құрылысы қызу жүріп жатыр

Sport.es мәліметінше, қала билігі жаңа стадионның ашылуына осы айда рұқсат береді екен. Алайда алғашқы матчтарға тек 27 мың ғана жанкүйердің кіруіне мүмкіндік жасалады.
Ал клуб билет сатылымынан түсетін табыстың едәуір бөлігінен құр алақан қалмау үшін қапталдағы трибуналардың жұмысы толықтай аяқталғанын күтуді жөн көреді. Бұл жұмыс шамамен қараша айында бітеді деп жоспарлануда. Ол кезде арена бір мезетте 45 000 адамды құшағына сыйдыра алады екен.
Осыған дейін Луис Компанис атындағы алаңда өткен «Реал Сосьедадқа» (2:1) қарсы ойынға 50 103 жанкүйер жиналған еді.
Ал стадионның толық жөндеу жұмыстары жоспар бойынша келесі жазда аяқталуы тиіс.