05.04.2026 11:02

«Барселона» «Манчестер Сити» ойыншысымен келісімге келді

05.04.2026 11:02

«Манчестер Сити» жартылай қорғаушысы Бернарду Силва «Барселонаға» ауысады

El Nacional хабарлауынша, 31 жастағы португалиялық ойыншы Каталонияның клубымен ауызша сөз байласып қойды. «Қалалықтардың» капитаны 30 маусымда аяқталатын келісімшартты ұзартпай, «Манчестер Ситиден» жазда кетеді екен.

Сондай-ақ оған «Ювентус», «Милан», «Галатасарай» және «Интер Майами» көз тігіп отыр.

Силва «Манчестер Ситиге» 2017 жылы «Монакодан» 50 миллион еуроға ауысып келген еді. Ол осы маусымда 43 матчта үш гол соғып, бес нәтижелі пас берді.

Азамат Бақи

Азамат Бақи

InstagramInstagram