08.12.2025 09:50

«Барселона» ойыншысы «Лидске» ауысуы мүмкін

08.12.2025 09:50

«Барселона» вингері Руни Барджи мансабын «Лидсте» жалғастыруы мүмкін

MOT Leeds News хабарлауынша, «тауыстар» 20 жастағы швед футболшысын аттай қалап отыр. «Ақтар» оны қысқы трансфер кезеңінде маусым соңына дейін жалға алғысы келеді.

Барджи өткен сенбіде Испания чемпионатында «Бетиске» (5:3) қарсы бір гол соғып, бір нәтижелі пас берген еді. Ал осы маусымда жалпы 10 ойында бір гол мен екі ассисттің авторы атанды.

Азамат Бақи

Азамат Бақи

InstagramInstagram