20.09.2026 18:43

«Барселона» ойыншысы қатардан шықты

20.09.2026 18:43

«Барселона» Андреас Кристенсеннің қатардан шыққанын ресми хабарлады

30 жастағы даниялық қорғаушы Испания Ла Лигасының 7-турындағы «Севильяға» (3:1) қарсы ойында сол аяғының бұлшық етін созып алыпты. Осыған байланысты шамамен 4-6 апта көлемінде командасына көмектесе алмайды.

Кристенсен «блауграна» намысын 2022 жылдан бері қорғап келеді. Ол осы маусымда жеті матчқа қатысып, бір нәтижелі пас берді.

Азамат Бақи

Азамат Бақи

InstagramInstagram