20.09.2026 01:58
«Барселона» «Севильяны» тізе бүктірді
20.09.2026 01:58
Испания Ла Лигасының 7-турында «Барселона» сырт алаңда «Севильяны» 3:1 есебімен жеңді

Роман Санчес Писхуан атындағы стадионда өткен кездесуде Юссуф Фофана 19-минутта есеп ашқан еді. Бірақ Рафинья 22, 52 және 69-минутта гол соғып, командасына жеңіс әкелді.
Осылайша Каталонияның клубы 21-ұпайын еншілеп, турнир кестесінде жеке-дара көш бастады. Ханс-Дитер Фликтің шәкірттері келесі турда 10 қазан күні «Хетафені» қабылдайды.