31.07.2026 23:37

«Барселона» қатарына 18 жастағы ойыншы қосылды

31.07.2026 23:37

Джесси Бисиву «Барселона» ойыншысы атанды

Қос тарап 2031 жылдың 30 маусымына дейін жарамды келісімшартқа қол қойды. «Блауграна» оны «Брюггеден» 8,5 миллион еуроға сатып алды. Сондай-ақ Бельгияның клубы Бисивудың келесі трансферінен 20% үлес алады.

18 жастағы вингер өткен маусым Жастар Чемпиондар лигасында сегіз матчқа қатысып, үш гол мен бір нәтижелі пастың авторы атанды.

Азамат Бақи

Азамат Бақи

InstagramInstagram