31.07.2026 19:35
Салах «Әл-Иттихадқа» ауысуы мүмкін
31.07.2026 19:35
Мұхамед Салах ат басын Сауд Арабиясында жалғауы мүмкін

Sabah газетінің хабарлауынша, оған «Әл-Иттихад» қызығушылық танытып отыр және жылына 25 миллион доллар көлемінде жалақы ұсынды. Ал «Бешикташпен» келіссөзді үзген Салах мұны қабылдапты. Мұхамед жақында келісімшартқа қол қояды екен.
Салахтың соңғы клубы «Ливерпуль» болды. 34 жастағы мысырлық вингер Мерсисайд клубының намысын 2017 жылдан бері қорғады. Оған дейін «Рома», «Челси», «Фиорентина» және «Базельде» ойнаған.