31.07.2026 17:23
Мастантуоно «Реалдан» кетеді
31.07.2026 17:23
«Реал» жартылай қорғаушысы Франко Мастантуоно клубтан кетеді

Фабрицио Романоның хабарлауынша, Мадридтің клубы оны жалға береді. Мастантуононың өзі «Ривер Плейтке» оралғысы келеді, бірақ «бланкос» оны даму үшін Еуропаға жіберуді жөн көреді. «Реал» Франконы алдағы жолдастық матчтарға қатысатын ойыншылардың тізіміне қоспады.
18 жастағы аргентиналық ойыншы «бланкос» сапына 2025 жылдың тамыз айында «Ривер Плейттен» 45 миллион еуроға ауысып келген еді. Ол өткен маусымда 35 матчта үш гол соғып, бір нәтижелі пас берді.