31.07.2026 16:48

Гимарайнш «Арсеналға» ауысады

31.07.2026 16:48

«Ньюкасл» жартылай қорғаушысы Бруну Гимарайнш «Арсеналға» ауысуға жақын

L'Equipe хабарлауынша, қос тарап толыққанды келісімге келді. Лондонның клубы оны 90 миллион еуроға сатып алады. Ал Гимарайнш «зеңбірекшілермен» 2030 жылдың 30 маусымына дейін жарамды келісімшартқа қол қояды.

28 жастағы Бразилия құрамасының ойыншысы «сауысқандардың» сапына 2022 жылы «Лионнан» 50,1 миллион еуроға ауысып келген еді. Ол өткен маусымда 41 матчта тоғыз гол соғып, сегіз нәтижелі пас берді.

Азамат Бақи

Азамат Бақи

InstagramInstagram