13.04.2026 14:28
«Барселона» топ-трансфер жасамақ
13.04.2026 14:28
«Барселона» «Галатасарай» шабуылшысы Виктор Осимхенге көз тікті

Afrik-foot хабарлауынша, Каталонияның клубы Осимхенді алу үшін бес ойыншысын сатуға дайын. Нақтырақ айтсақ Роберт Левандовски, Френки де Йонг, Ферран Торрес, Марк Касадо және Жюль Кунде клубтан кетуі мүмкін. «Блауграна» одан түскен қаржыны Виктордың трансферіне салмақ.
27 жастағы нигериялық форвард Ыстамбұлдың клубына былтыр «Наполиден» 75 миллион еуроға ауысып келген еді. Ол осы маусымда 29 матчта 19 гол соғып, жеті нәтижелі пас берді.