16.04.2026 22:17
«Барселона» UEFA-ға шағым түсірді
16.04.2026 22:17
«Барселона» Чемпиондар лигасының 1/4 финалындағы «Атлетикоға» (2:1) қарсы матчтардағы сәттер бойынша UEFA-ға ресми шағым түсірді

Бұл туралы клубтың баспасөз қызметі хабарлады.
«Клуб екі ойында да төрешілердің ережеге сәйкес келмейтін шешім қабылдағанын және керек кезде VAR араласпағанын алға тартады. Бұл қателіктер клубқа спорт және қаржы тұрғысынан біршама шығын әкеледі»,– делінген хабарламада.
«Блауграна» бұған дейін «Атлетикоға» қарсы ширек финалдың алғашқы ойынындағы эпизодқа байланысты шағымданған еді. Нақтырақ айтсақ, Каталония клубы 54-минутта Марк Пубильдің өз айып алаңында допты қолға алуын заңсыз деген. Бірақ ұйым мұны құптамай, «Барселонаның» өтінішін негізсіз деп таныды. Сондай-ақ клуб Мадрид клубының стадионы «Метрополитанодағы» алаңға да наразылық білдірген, алайда олда еленбеді.
Ханси Фликтің шәкірттері қос матчтың қорытындысы бойынша «Атлетикоға» 2:3 есебімен жол берді.