16.04.2026 21:33
Месси клуб сатып алды
16.04.2026 21:33
«Интер Майами» мен Аргентина құрамасының шабуылшысы Лионель Месси инвестор атанды

38 жастағы форвард Каталонияның «Корнелья» клубының 100% акциясын сатып алды.
«Корнелья» Испанияның бесінші дивизионында 30-турдан кейін 55 ұпай жинап, өз тобында үшінші орында келеді. Ал Месси биыл сегіз матчқа қатысып, алты гол соқты.
Бұған дейін Криштиану Роналду Испанияның екінші дивизионы Сегундада ойнайтын «Альмерия» клубының 25% акциясын иеленген еді.