21.12.2025 22:08
«Барселона» «Вильярреалдан» басым түсті
21.12.2025 22:08
Испания Ла Лигасының 17-турында «Барселона» сырт алаңда «Вильярреалдан» басым түсті

«Керамика» стадионында өткен кездесуде 0:2 есебі тіркелді. 12-минутта Рафинья пенальтиден гол соқса, 63-те Ламин Ямаль мергендік танытты. Сондай-ақ 39-минутта Ямальға қарсы дөрекі ойнаған Ренату Вейга бірден алаңнан қуылып кетті.
Осылайша 46-ұпайын олжалаған «блауграна» турнир кестесінде жеке-дара көш бастады. Ханс-Дитер Флик шәкірттері келесі турда 4 қаңтар күні «Эспаньолға» қонаққа барады.